
«Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» тапсырысы бойынша іске асырылатын «Бөрлі ауданындағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған шығармашылық шеберханаларда сабақтар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Ақсай қаласының шығармашылық шеберханасында 6 қараша күні «Жазғы пейзаж» тақырыбында сабақ ұйымдастырылды. Пейзаждағы басты кейіпкер-табиғат. Пейзаж - бұл жылдың әр мезгіліндегі ландшафттардың барлық түрлерінің, сондай-ақ атмосфералық құбылыстардың бейнесі деп саналады. Пейзаждар түрлер мен кіші түрлерге бөлінеді: ауылдық, теңіз, табиғи, қалалық, саябақ, сәулет, өнеркәсіптік, сондай-ақ жыл мезгілдері бойынша: көктем, қыс, күз және жазғы пейзаждар болып бөлінеді. Пейзаж көп қырлы және адамның көңіл күйімен салыстыруға болады. Бүгінгі пейзаж - жаз туралы естеліктер, қуаныш, тыныштық, сағыныш.
#Балаларжылы #Годдетей