
Ағымдағы жылдың 22 қазанында № 8 ЖОББМ Бөрлі ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері КПО б.в. компаниясымен бірлесіп оқушыларға жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша ашық сабақ ұйымдастырды. Іс-шара бірінші сынып оқушылары арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Ашық сабақ барысында жол қозғалысының кішкентай қатысушыларына жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері еске салынды. Бөрлі ауданының полиция қызметкері Д.Сүйсан балаларға жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолдың өтуі – реттелетін және реттелмейтін, қоғамдық көліктегі жүріс-тұрыс ережелері сияқты маңызды ережелерді айтып берді, оқушыларға жолда мұқият және сақ болу қажеттігін еске салып, оларды жолдан өту кезінде асықпауға шақырды. Сондай-ақ, инспекторлар оқушыларға жол қозғалысы ережелерін білу бойынша зияткерлік ойындар ұйымдастырды.
#Балаларжылы #Годдетей #Бөрліауданы