
Бумакөл ЖББОМ «Құқықтық сауаттылық - заман талабы» тақырыбында құқық қорғау органдары мен кездесу өтті. Мақсаты: оқушының өз міндеттері мен құқықтарын білу, үйрену. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ болу. Ақсай қаласынының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы, полиция капитаны А.Наурзимбетова мен Бумакөл ауылының учаскелік полиция инспекторы Р.Кильматов қатысып, оқушыларға заң аясында кеңінен ақпараттар берді. Соның ішінде қоғамда тәртіп сақтау туралы жалпы ережелерге тоқталып, құқық қорғау туралы сөз қозғалды. Кездесу соңында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен талқыланған тақырып бойынша сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар берілді.
#Балаларжылы #Годдетей