
2022 жылғы 4 қазанда «Бөрлі ауданында мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған шығармашылық шеберханаларда сабақтар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде Бөрлі ауданының Іскер әйелдер кеңесі «Жас Дарын» ҚҚ-мен бірлесіп ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында «Дорогою Добра» қайырымдылық аукционы өтті.
«Тама» бизнес орталығында ұйымдастырылған шара барысында «Жас дарын» қоғамдық қорының жұмысы туралы фильм көрсетіліп, онда әлеуметтік жобаларды орындалуы, қордың мақсатты тобының балаларының картиналары мен ұжымдық ағаш бұйымдары ұсынылды.
Іс-шараға Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары А.Саркулов, Бөрлі ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы О.Басимова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Г.Туреева, ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Исмагулова, Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Тулепкалиев қатысты.
Аукционда 33 лот ұсынылды, олардың арасында мүмкіндігі шектеулі балалардың суреттері мен ағаш өңдеу жұмыстары ұсынылды. Барлық лоттар өз иелерін тауып, 1 миллион 15 мың теңге көлемінде қаражат жиналды. Аукционнан жиналған барлық ақша қордың жұмыс тобының балаларын оңалтуға және қолдауға жұмсалатын болады.
Қайырымдылық іс-шараның жүргізушісі «Конденсат» АҚ Бас директорының көмекшісі З.Мырзағалиевке, іс-шараны өткізу үшін берілген үй-жай үшін Б. Гадельшиевке, аукцион өткізуге көмектескені үшін № 3 ЖББОМ «Жүректен жүрекке» еріктілеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Бөрлі ауданының Іскер әйелдер Кеңесінің мүшелеріне, «Конденсат» АҚ қызметкерлері мен серіктестеріне, кәсіпкерлерге, іс-шара қонақтарына белсенді өмірлік ұстанымы мен балаларымызға көмектесуге ниет білдіргені үшін алғыс айтамыз.
#Балаларжылы #Годдетей #zhanashirzhurek #sdj_burlin #otdel.zanyatosti burlin-akimat@bko.gov.kz