Құрметті аудан тұрғындары!
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында, ағымдағы жылғы 24 желтоқсанында сағат 10.00-де «Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні өтеді.
«Ашық әкімдік» шара барысында аудан басшылығы, аудандық бөлімдер, құқық қорғау органдары және коммуналдық қызмет басшылары азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.
Өтетін орны: Ақсай қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, 4 ықшамаудан, 3 Б ғимараты.