Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

2022 жылдың 22 қараша күні аудан әкімі Е.Ихсановтың төрағалығымен аппараттық кеңес өткізілді. Алдымен аудан әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының өз деңгейінде өтуіне ат салысқан әріптестерге алғысын білдірді.
Сонымен қатар, аудан активіне жаңадан тағайындалған Бөрлі ауданы Полиция бөлімінің бастығы Изтелеуов Мейржан Нұрланұлын таныстырылды.
Кеңес күн тәртібінде «Ауыл аманаты» кіші бағдарламасын түсіндіру, 2023 жылдың І-жартыжылдығына мерзімдік басылымдарға жазылуды, 2022 жылғы күзгі әскерге шақыру науқанын және ауыл шаруашылығы жануарларының санағын уақытылы, сапалы жүргізіп, бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру, бюджеттің игерілуі сияқты мәселелер қаралып, нақты тапсырмалар берілді.