
Ағымдағы жылдың 3 қараша күні сағат 10:00-де аудан мәдениет үйінде "Заң керуені" акциясы өтеді. Аталған шараға облыстық ведомствоаралық жұмыс тобы қатысып, Бөрлі ауданының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілетін болады.
Акцияның мақсаты: жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру