Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 9 қазанда өткен Достық ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 9 қазанда өткен Достық ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Сайлауға «AMANAT» партиясынан 1 үміткер, өзін-өзі ұсынумен 2 үміткер қатынасты.

Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 274 сайлаушының 254 (92,7 %-ы) сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Турганалиев Ганжа Гусмановичке-226 (90,0 %), Абилова Лаура Тлеккабыловнаға-19 (7,6 %), Жумагалиев Ержан Нурлыбаевичке  6 (2,4 %) дауыс берілді.

 Дауыс беру нәтижесінде Турганалиев Ганжа Гусманович  Достық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Турганалиев Ганжа Гусманович, 25.10.1974 жылы туылған, ұлты қазақ, Бөрлі ауданы Достық ауылдық округінің әкімі, «AMANAT» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Достық ауылының тұрғыны.

 

Бөрлі аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы