Жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы және ағымдағы жылдың 22 қарашасына ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының өтуіне байланысты сайлаушылар тізімін нақтылау мәселелері бойынша жиналыстың өтуі туралы

Жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы және ағымдағы жылдың 22 қарашасына ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының өтуіне байланысты сайлаушылар тізімін нақтылау мәселелері бойынша жиналыстың өтуі  туралы

Ағымдағы жылдың 03 қазанында Бөрлі ауданы әкімдігінің кіші залында аудан әкімінің орынбасары А.Саркуловтың төрағалығымен КПО б.в. компаниясының және мердігер компаниялардың өкілдерінің, сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы О.Басимова, аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы А.Каржауова, аудан прокурорының орынбасары Р.Джуматаев, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің БҚО бойынша Департаменті Бөрлі аудандық бөлімінің бөлім басшысы Н.Таужанов, Батыс Қазақстан  облысы еңбек инспекциясының инспекторы Е.Сиражев, КПО б.в. компаниясының өндірістік қатынастар және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бөлім менеджері И.Имашевтің және осы компанияның өндірістік қатынастар мен тергеулер жөніндегі сектор бастығы Д.Утегуловтың  қатысуымен жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы және ағымдағы жылдың 22 қарашасына ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының өтуіне байланысты сайлаушылар тізімін нақтылау мәселелері бойынша жиналыс өтті. Жиналыс барысында КПО б.в. компаниясының және мердігер компаниялардың басшыларына ҚР заңнамасының аясында еңбек қатынастарын түсіндіру, компанияның тиісті қызметкерлеріне еңбекақыларына тиісті 60.000 теңгені қосу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және жұмыс орындарында әлеуметтік наразылықты тудырмау бойынша барлық шараларды қабылдау жөнінде ұсынылды. Сонымен бірге ҚР Конституциялық Заңының 24 бабының 5 пунктіне сәйкес, әрбір сайлаушы тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы екені және осы мәселе жөнінде ауданда Сall-орталығы құрылғандығы туралы түсіндірілді. Сонымен бірге компания  басшыларына  ағымдағы жылдың 07 қазанына дейін компания қызметкерлерінің тізімін және 20 қараша күні жұмыста болатын қызметкерлердің  тізімін ұсыну туралы тапсырма берілді.