
«Балалар жылы» аясында «Жас Дарын» қоғамдық қорының директоры Т.Г. Ищенко 2022 жылы 24 қыркүйек күні Бөрлі №1 қазақ мектебінің балалары үшін ойын-сауық іс-шарасын ұйымдастырды.
Балалар «Ақсай» мәдени - бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінде орналасқан бассейнге шомылып, кейін «Жарсуат» сауда орталығында тамақтанды.
Біздің тұрақты демеушіміз жанының жомарттығы мен кеңдігі үшін «Н.Тунгатаров» жеке кәсіпкері, «Нұр-ай» мейрамханасы, «Ақсай» мәдени - бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің директоры Б.Мухтубаевқа қордың әлеуметтік жобаларын іске асыруға қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Балалар үшін бассейнге бару әрқашан да үлкен қуаныш. Бізді қарсы алған бассейннің мейірімді қызметкерлері нұсқаулықтар өткізіп, киім ауыстыратын бөлмелерді, себезгі бөлмелерін көрсетті, балаларға бас киім, жилет, жеңқап киюге көмектесті, балалардың қауіпсіздігін қадағалады. Жүзуден балалар жағымды эмоциялар мен қуат алды.
Балалар келесі сапарды асыға күтуде.