Профилактикалық кездесулер

Профилактикалық кездесулер

Жаңа оқу жылының басталуымен ауданымыздың білім беру ордаларында кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудандық Бөрлі АПб ЖПҚб учаскелік полиция инспекторларымен кездесулер ұйымдастырылуда.
Кездесу барысында ҚР заңы бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғаны туралы жалпы түсінік берілді. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Одан бөлек, қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғалды. Қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасында кеңінен таралған электронды темекінің де зиянды тұстарын айтып кетті. Ал, кездесуге қатысқан оқушылар өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптарын алды.