
«Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің тапсырысымен жүзеге асырылып жатырған «психоневрологиялық патологиялары бар балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» әлеуметтік жобасы аясында ойын терапиясы кеңінен қолданылып келеді. Ойын-бұл балалардың сүйікті іс-әрекеттерінің бірі ғана емес, сонымен қатар жетекші қызмет. Ал ойнау қабілеті жеке адамда өмір бойы сақталады. Ойынның көмегімен баланың мотор функциялары мен танымдық қабілеттері дамиды. Сондай-ақ, бұл бала үшін оқытудың негізгі әдісі. Балалар үшін ойын қоршаған ортамен өзара әрекеттесудің негізгі мүмкіндігі болып табылады, нәтижесінде ол әлеуметтену функциясын орындайды. Сонымен қатар, ойын процесінде бала бойында пайда болған жағымсыз эмоцияларды табиғи түрде қайтарады.