Бүгін, Ақсай қаласының 4 шағынауданында тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік міндеттерін абыроймен атқарған егеменді Қазақстанның алғашқы ардагерлеріне, қаза тапқан жауынгерлеріне арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті.

Шара барысында сөз алған аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов бұл монумент қаза тапқан ержүрек әскери қызметкерлердің рухына тағзым етіп, олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын білдіретінін және олардың абыройы мен ерлігі жастарымызға үлгі болатынын атап өтті.
Сондай-ақ, тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыста қаза болған жауынгер Каймулдиев Радиктың анасы, Бөрлі аудандық КАЗБАТ ұйымының алғашқы төрағасы болған марқұм Кутымбетов Нурбектің жары, БҚО бойынша әскери іс-қимылдар ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ашурматов Алишер сөз алып, тілектерін білдірді.