ЖОЛДАУҒА-ҚОЛДАУ!!!!

ЖОЛДАУҒА-ҚОЛДАУ!!!!
Бөрлі аудандық «AMANAT» партиясы,«Приуральный» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен экономикалық өзгерістерге толы "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында жиын болды. Жиында «AMANAT» партиясы «Приуралный» БПҰ мүшесі А.Серік баяндама жасады. Жиынға ауылдық округтегі мемлекеттік мекеме басшылары, мектеп және мәдениет үйінің қызметкерлері мен партия белсенділері қатысты.
Баяндамашы өз сөзінде «Азамат-Бизнес-Мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертуге үлкен мән берілгендігіне тоқталды. Әлеуметтік салада екі жылда еліміздегі 650 елді мекенде медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімше салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі; медициналық жоғары оқу орындарының әлеуетін пайдалану кеңейтіледі, алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейту, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесінің артып, жалақысы көбеюі, зейнет жасының 61 жас болуы, бала күтімі 1,5 жасқа дейін ұзартылуы әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған. Ұлттық қорға түскен қаражаттың игілігін балаларымыз тікелей көретіні туралы бастама, жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысының мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс деген Президент бастамалары – еліміздің әлеуметтік әділеттілік орнатуына бағыт алуының айшықты көрінісі екендігіне де назар аударды.
Әрине, Президенттің кезекті Жолдауын терең талдап,сараптама жасау-уақыт еншісінде. Жаңа Қазақстан құру -саяси реформаларсыз өтпейтіні белгілі. Сондықтан Президент қойған міндеттерді орындау үшін саяси реформалардың мәні мен маңызын түсінуіміз қажет.
Ауылдық округ әкімі А. Утилиев пен сөйлеушілер жолдауда көрсетілген басым бағдарларды қолдайтындықтарын, жолдау халықтың болашақтарын айқындап береді деді.
#AMANAT
#Жолдау