АҚСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ 55 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ 55 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ
Бүгін аудандық музейде қала күніне және Қарашығанақ кен орыны (бұдан әрі ҚПО б.в)өнімін бөлу туралы келісімге қол қойылғанына 25 жыл толуына орай мерекелік шара өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, БҚО тарихи өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаев және компания өкілдері қатысты. Алдымен олар дәмнен ауыз тиіп, музей залдарын аралады.
Шара аясында ҚПО б.в компаниясы аталған кен орынын ашқан көрнеті тұлға- Сухан Камаловтың портретін музейге тарту етті.
Айта кетейік қаламыздың 55 жылдық мерейтойына арналған шаралар 2 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өтеді.