А.ж. 30 тамызында БҚО терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы БҚО Бөрлі ауданы Орал және Ақсай қалалары аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығуларын өткізді.
Іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге шұғыл ден қою және жолын кесу жөніндегі міндеттерді орындауға практикалық дағдыларын пысықтау болып табылады.
Оқу-жаттығу шеңберінде террористік актілер жасау қатерлеріне, сондай-ақ террористік актілердің салдарын оқшаулау және азайту бойынша тікелей іс-қимылдарға бастапқы ден қою алгоритмі пысықталды.
Терроризмге қарсы оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін ҚР ҰҚК ТҚО штабы терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға тартылған мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдардың іс-қимылдарына "қанағаттанарлық" баға берді.