Жаңа оқу жылы қарсаңында Бөрлі ауданының ұстаздары бас қосып, дәстүрлі тамыз кеңесін өткізді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Бөрлі ауданының ұстаздары бас қосып, дәстүрлі тамыз кеңесін өткізді.
Алқалы жиынға Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов, Бөрлі аудандық маслихатының хатшысы Қайрат Ермекбаев, ауылдық округ әкімдері, білім беру саласының ардагерлері, мұғалімдер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Алғы сөзді бөлім басшысы Айымгул Тржанова бастап, ауданымыздың білім саласындағы жетістіктерімен бөлісіп, кеңес жұмысына сәттілік тіледі.