ОҚУ-ТӘЖІРИБЕ ҮЛЕСКІЛЕРІ ӨЗ ӨНІМДЕРІН БЕРУДЕ

ОҚУ-ТӘЖІРИБЕ ҮЛЕСКІЛЕРІ ӨЗ ӨНІМДЕРІН БЕРУДЕ

Бөрлі ауданының білім беру ұйымдарының жанындағы оқу-тәжірибе үлескілері өз өнімдерін беруде. Бұл ретте, мектеп алаңын көгалдандыру жұмыстарымен айналысып жатқан оқушылар және ұстаздар, мектеп жұмысшыларының еңбегі зор.

Оқу-тәжірибе үлескілері жасыл зертхана іспеттес. Себебі, мұнда практикалық сабақтар, тәжірибелермен қатар оқушыларға білім мен еңбек тәрбиесін беруде зор жұмыстар атқарылады. Мұндағы мақсат — мектеп жанында экологиялық кеңістік құрып, оқушыларға еңбекқорлықты, өз мектебіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, табиғатқа ұқыпты қарауға баулу. Сондай-ақ, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Қазіргі уақытта үлескілер гүлденіп, бастапқы өнімдерін беріп жатыр. Оның ішінде түрлі көкөністер мен жемістер бар. Сондай-ақ, жайқалған гүлдер мектеп алаңының сәнін келтіруде.