Балалар жол ережесін біліңіз!

Балалар жол ережесін біліңіз!

Бөрлі ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Ақсай қаласының № 3 балабақшасында іс-шара ұйымдастырып, профилактикалық әңгіме өткізді.

Іс-шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және балалардың арасында қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Ашық сабақ барысында жол қозғалысының кішкентай қатысушыларына жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін еске салды.

Балаларға жол қозғалысы ережелерін ерте жастан бастап үйретіп, түсіндіру керек. Жолдағы қауіпсіздік дағдыларын тек сақтық туралы ойлау арқылы үйрету мүмкін емес. Олар тек біліп қана қоймай, жолдардағы қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек  деп ескертеді полиция қызметкерлері.