Жол ережесін, көбейту кестесіндей БІЛ!

Жол ережесін, көбейту кестесіндей БІЛ!

Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында балалардың жол-көлік жарақатын болдырмау мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Бөрлі ауданының ПБ қызметкерлері мен Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Жас Дарын» қоғамдық қорымен, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мүшелерімен бірлесіп «Мейірімді қала - қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Балаларға (ауданның ауыл мектептерінен 30 бала қамтылды) жол қауіпсіздігін оқыту үшін «БҚО қауіпсіз жолдары» жобасы аясында Ақсай қаласының №3 ЖББМ базасында орналасқан мобильді алаңға экскурсия ұйымдастырылды.

Бөрлі ауданының ПБ қызметкерлері балаларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, «Үй - мектеп – үй» қауіпсіз бағыты туралы нұсқама өткізді, сонымен қатар, заманауи оқу жабдықтары: көлік және жаяу жүргіншілер бағдаршамдары, жол белгілері, велосипедтер көрсетілді. Жол қозғалысы ережелерін білуге арналған бірнеше практикалық сабақтарын өткізді.

Экскурсия соңында барлық оқушылар балалардың жол-көлік жарақатын азайту үшін жарық шағылыстыратын білезіктер мен жол қауіпсіздігі бойынша дәптерлерге арналған папкалар табысталды.