Отырыстың күн тәртібінде Ақсай қаласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалануына жүргізілген мониторингтік жұмыстар, Қарағанды, Кеңтүбек, Қарақұдық ауылдық округтерінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолданудың жағдайы, Аудандық білім беру бөлімінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша атқарылған іс-шаралары туралы сұрақтар қаралып, мекеме басшылары мен ауылдық округтер әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.
Кеңес отырысы барысында аудан басшысы мемлекеттік мекемелерде рәміздерді орналастыру барысында жіберілген қателіктерге ауызша ескерту беріп, қателіктер жойылмаған жағдайда хаттама толтырылып, заң аясында шара қолданылатындығы жөнінде ескертті.
Сонымен қатар Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Тржанова шекаралық аймақта орналасқан Жарсуат, Приурал, Успен, Бөрлі, Бумакөл ауылдық округтерінде ту тұғыр орналастыру керек екендігі жөнінде ұсыныс білдіріп, шекаралық аймақта ту тұғырдың орналасуы елдің келбетін айқындап және сол аймақта орналасқан көп ұлтты халықтың арасында патриоттық сезім қалыптастыратындығы жөнінде сөз қозғады.