Бөрлі әкімі аппараты ауданның жергілікті 2022 жылдың І жартыжылдығына атқарушы органдарымен қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша талдау жүргізді.
Талдау нәтижесіне сәйкес келесідей жағдай анықталды.
1175 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды, соның ішінде 933 арыз, 15 шағым, 22 ұсыныс, 205 басқалары (хабарлама, сауал, үн қосу).
Келіп түскен өтініштер:
Аппаратқа 409 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды.
Соның ішінде 319 арыз, 10 шағым, 16 ұсыныс, 64 хабар, үн қосу және сұраныс.
409 өтініштің қарау нәтижесіне тоқталатын болсақ, Аппаратпен 340 өтініш қаралды, нәтижесінде: авторға жауап берілді – 45, қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 221, ауырпалықты әкімшілік акт қабылданды – 37, қараусыз есептен шығарылды – 6 тоқтатылды – 17, назарға алынды – 3, басқасы - 11, ал 63–сі құзыреттілігіне қарай қарау үшін жолданды.
Дербес бөлімдерге 257 жеке және заңды тұлғалардың өтініш түсті, соның ішінде 151 арыз, 2 шағым, 3 ұсыныс, 101 басқалары (хабарлама, сұрату, үн қосу).
257 өтініштің қарау нәтижесіне тоқталатын болсақ, Бөлімдермен 236 өтініш қаралды, нәтижесінде: авторға жауап берілді – 95, қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 13, ауырпалықты әкімшілік акт қабылданды – 14, қараусыз есептен шығарылды – 0, тоқтатылды – 9, назарға алынды – 0, басқасы - 5, ал 14–уі құзыреттілігіне қарай қарау үшін жолданды.
Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімі аппаратарымен 509 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды, соның ішінде 463 арыз, 3 шағым, 3 ұсыныс, 40 басқалары (хабарлама, сұрату, үн қосу).
509 өтініштің қала және ауылдармен 462 өтініші қаралды, нәтижесінде: авторға жауап берілді – 34, қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 368, ауырпалықты әкімшілік акт қабылданды – 40, қараусыз есептен шығарылды – 0, тоқтатылды –18, назарға алынды – 1, басқасы - 1, ал 15–і құзыреттілігіне қарай қарау үшін жолданды.
2022 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша мерзімі бұзылып орындалған өтініштер жоқ.
Аудан бойынша 121 тұлға лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауында болды: аудан әкімі және оның орынбасарларымен - 106 тұлға, дербес бөлімдердің басшыларымен -1, Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімдерімен - 13 тұлға қабылданған.
Жеке қабылдауларда әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй секілді мәселелер жиі көтерілді.
Азаматтар тоқсан сайын бекітілетін қабылдау кестесіне сәйкес жүргізіледі. Қабылдау кестесі, бекітілгеннен кейін «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» газетінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті К.Тоқаевтің «Халық үніне құлақ асатына мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында және қоғаммен байланысты нығайту мақсатында 2022 жылдың 18 ақпанында Бөрлі ауданы бойынша «Ашық әкімдік» шарасы өткізілді. «Ашық әкімдік» барысында аудан әкімі, оның орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары және Ақсай қаласы мен ауылдық округ әкімідері қабылдау жүргізді.
Шара барысында 50 адам қабылданды. Қабылдау барысында тұрғын үйді ұсыну, жер қатынастары, атаулы әлеуметтік көмек және материалдық көмек тағайындау, сонымен қатар ауылдық округтерінде электр желілерінің тозуы, медициналық қызметкерлердің жетіспеуі, қанғыбас иттердің көбеюі және Подстепное-Илек тас жолды жөндеу секілді мәселелер көтерілді.
Көтерілген мәселелер бойынша түсініктемелер берілді, 7 мәселе бақылауға алынды.
Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімімен бірлесе отырып, дербес бөлімдер, ауылдық округтер әкімі аппараттарына және Ақсай қаласы әкімі аппаратының мамандарына үнемі өтініштерді есепке алу, сонымен қатар ҚР ӘРПК бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы методикалық көмек көрсетеді.