
Ағымдағы жылдың 22 шілдесі күні Бөрлі ауданының «Жас туристтер станциясында» «Біз біргеміз» кезеңі өтті. Кезеңде «Жас Дарын» қоғамдық қорының 20 қатысушысы денсаулықтарын шыңдап, көңілді демалды.
Бумакөлдің саф ауасымен, саумал желімен кең тыныстаған балалар лагерь ауласында асыр салып ойнап, тартымды ұйымдастырылған түрлі шаралар арқылы көңіл көтеріп қана қоймай, денсаулықтарын шыңдауға, көңіл көкжиегін жадыратуға септігін тигізді. «Станция», «Жартасқа өрмелеу», және көңіл көтеретін «Флешмоб» ойындары өз жемісін берді.