
"БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласының Еңбекші (Трудовая) көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу" жобасы 2019 жылы әзірленді.Жобаға жол төсемін төсеу, көшені жарықтандыру тіректерін орнату, тротуарлар төсеу, сондай-ақ жол белгілерін орнату кіреді. Бүгінгі күні аталған нысанда 4400 шаршы метр асфальт төселді және негізгі жұмыстардың 85% орындалды. Жоспарланған жұмыстар 2022 жылдың тамыз айында аяқталады.