
Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары!
Осы аптада ауылдық округтер және қала әкімінің есеп беру кездесулерін аяқтадық. Кездесулерде жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелері және ауданымызды дамыту туралы көптеген ұсыныстар қозғалды. Аталғандардың ішінде шұғыл шешуді талап ететін проблемалар, белгілі бір уақытты қажет ететін мәселелер де бар. Мен туындаған мәселелерді шешуге бар күш-жігерімді салатыныма сенім білдіргім келеді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 5 ақпанында Мәдениет үйінің ғимаратында азаматтарды қабылдау жүргізіп, 6 ақпанда халықпен қорытынды кездесу өткізетінімді хабарлаймын. Барлығыңызды алда болатын іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамын. Себебі, сындарлы қоғамдық диалог – біздің елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі.
Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов.