2022 жылы Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асыруға іс-шаралар ұйымдастыру үшін бюджеттен 2,5 миллион теңге қаражат бөлінді.
Бөрлі ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жол картасына сәйкес, аудан әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, жеке электрондық сандық қолтаңбаны пайдалану жауаптылығын заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, электрондық сандық қолтаңбаны «Казначейство-Клиент» бағдарламасы, мемлекеттік сатып алу порталында қолданылуы бойынша бақылау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау барысында мекемеде сенім жәшігі ауылдық округтерде бірыңғай 1424 сенім телефоны көрсетілген 24 баннер орналастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту мақсатында аудандық, ауылдық округтердегі мекеме басшыларымен дөңгелек үстелдер мен түрлі ақпарат-насихаттық жұмыстар өткізіліп келеді. Аудандық газет беттерінде сыбайлас жемқорлық тақырыбында 5 мақала жарияланды, аудандық «Қарашығанақ» телеарнасында 3 сюжет көрсетілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жеке үлес қосуға дайын азаматтар үлесін арттыру және тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында аудан аумағында «Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Тоқта, жемқорлық!», «Жемқорлықсыз адал ұрпақ» тақырыптарында іс-шаралар ұйымдастырылып, шара барысында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетілді, жадынамалар, плакаттар таратылды.
Бөрлі ауданы әкімдігіне қарасты 4 квазимемлекеттік мекемеде («Ақсайжылуқуат» МКК, «Ақсайжаңғырту» ЖШС, «Бөрлі аудандық демалу орталығы» МКҚК, «Ақсай» мәдени -бұқаралық, ұлттық ат спорт кешені» МКҚК) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтері енгізілді, қазіргі таңда ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен дайындалған комплаенс қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жұмыстарын атқаруда.
«Адал көмек» жобасы аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің себептерін болдырмау және азаматтардың арыз-шағымдарын азайту мақсатында аудандық ұйымдар басшыларының азаматтарға әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде кеңес беру жұмыстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, әлеуметтік тапсырыс аясында Ақсай қаласы мен ауылдық округтерде кәсіби заңгерлермен тұрғындарға тегін заң көмегі ұйымдастырылды.
2022 жылы аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссиясының 2 отырысы өткізіліп, тиісті мекемелерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, аудан аумағындағы барлық мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында азаматтарды жұмысқа қабылдау, тағайындау кездерінде ҚР заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды ұстану қатаң бақылауға алынды.