Ағымдағы жылдың 14 маусымында Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.А.Алгазиев КПО Б.В. Қазақстандағы филиалының мердігер компанияларымен әлеуметтік серіктестігі бойынша ауданымыздың салық салу базасын ұлғайту мақсатында аудан аумағында филиал немесе өкілдік ашу мәселесіне қатысты Бөрлі ауданы әкімдігімен ұйымдастырылған үшжақты комиссия отырысына қатысты. Жиын аясында аудан әкімі Е.Н.Ихсанов Бөрлі ауданы аумағында кәсіпкерлік қызметін атқаратын, бірақ Республиканың басқа өңірлерінде тіркелген компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде баяндады, басқарма басшысы Е.А.Алгазиев салық заңнамасы бөлігінде түсіндірме берді. Кездесу нәтижесінде мердігер компаниялардың филиалдарын тікелей Ақсай қаласында тіркеу туралы қабылданған шешімін ұсыну туралы келісімге қол жеткізілді.