Бүгін, 16 маусым күні ауданымыздың жалпы білім беретін мектептерінде түлектерге жалпы орта білім туралы аттестатты салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. 2021-2022 оқу жылында Бөрлі ауданының білім беру ұйымдарында 487 түлек мектеп бітірді. Оның ішінде 18 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 16 түлегіміз үздік аттестатқа ие болды.
Осындай мерекелік шара аясында аудан әкімдігінің кіші залында Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Нұретдинұлы Ихсанов пен 11 жыл бойы мектеп қабырғасында білім алып, жыл сайын озат оқушы атанған 18 «Алтын белгі» иегерлері бас қосты.
Аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлы түлектерге өзінің ақжарма тілегін арнап, салтанатты түрде «Алтын белгі» төсбелгісін және естелік сый табыс етті. Сондай-ақ, білім қуған жастардың ата-аналарына аудан әкімі атынан алғыс хат табысталды.