
Ағымдағы жылдың 3 маусым күні Бөрлі ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаты мен жергілікті полиция бөлімінің ювеналды полиция қызметкерлері, сондай-ақ аудандық білім беру бөлімінің мамандарымен қамқоршылық кеңес мүшесімен бірге кәмелетке толмағандарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату, алкоголь өнімдерін сату бойынша тексеру рейді жүргізілді.
Шара барысында Ақсай қаласының «HOOKAN SHOР», «Coca-Cola» дүңгіршіктері мен сауда үйлері, азық түлік дүкендер тексерілді.
Рейд барысында жоғарыда аталған өнімдерді оқушыларға сатуға тыйым салынатындығын ескертіп, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілерінің талаптары, сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.