«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы
№ 167-р өкімімен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасының 82 тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.

Конкурсты өткізу кезеңі: 2022 жылдың маусым-қазан айлары.

Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында үш жылдан кем емес өтілі бар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылығы үшін алынбаған тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ соңғы 1 жылда қоғамда теріс пікір тударатын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, 2021 жылға «Б» корпусыныңмемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау қорытындысы «тиімдіден» төмен емес  бағаланған кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері кент, ауыл сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.

Конкурсқа құжаттар қала/ аудан әкімдері  аппараттарымен 2022 жылдың 10 маусымынан бастап   30 маусымына (қоса есептегенде) дейін қабылданады.

Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

(https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/312652?lang=kk)

 

және облыс Әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/documents/details/313994?lang=kk)

Конкурс құжаттарын burlin-akimat@bko.gov.kz эл. поштасына жолдаңыз.

Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша     

871133-40-0-46  тел. нөміріне хабарласуға болады.