
Call-орталық халықты ақпараттандыру және қала тұрғындарына референдум мәселелері бойынша кеңестер беру әрі дауыс беру процесіне тарту үшін құрылған.
Бірыңғай Саll орталыққа +7(71133) 40-0-43 немесе +7(770) 628-05-67 телефоны бойынша хабарласып, өзіңізді республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінен тексеруге, сондай-ақ өз учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын нақтылауға болады.
Қоңырау шалу барысында Call-орталықтың операторлары азаматтардың мүмкіндіктеріне, дауыс беру рәсімдеріне және референдум күніндегі учаскелердің жұмысына қатысты барлық заңнамалық нормаларды түсіндіреді.
Call-орталық қоңырауларды дүйсенбі—жұма күндері аралығында сағат 9:00-ден 18-30-ға дейін қабылдайды.
Бұдан бөлек, аталған бағытта WhatsApp желісі +7(770) 628-05-67