Мемлекеттік тіл және бақ байқауы

Мемлекеттік тіл және бақ байқауы

«Мемлекеттік тіл және БАҚ»

облыстық байқауының ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының қағидалары Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленген.
  2. Байқаудың мақсаты: Мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту болып табылады.
  3. Байқау екі номинациядан тұрады:

1) «Үздік мақала»;

2) «Үздік сайт мақаласы».

  1. Байқауға жыл бойы мемлекеттік және орыс тіліндегі республикалық, облыстық басылымдарда (газет - журнал, сайт) мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау бағытында талдамалық материалдары жариялаған журналистер қатыса алады.
  2. Байқауға 2019-2021 жылдар аралығында бас жүлде, І-орынға ие болған жеңімпаздар қатыстырылмайды.

 

  1. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

 

  1. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
  2. Байқауға қатысу үшін осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген екі номинацияның біреуі бойынша өтінім жазбаша түрде 2022 жылдың 15 маусымына дейін басқарманың эл. поштасына төмендегідей құжаттармен бірге жіберіледі:

1) өтінім (үлгі бойынша);

2) 2021 жылдың 15 маусымы мен 2022 жылдың 15 маусымы аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген 3 тен кем емес газет және сайт мақалалары;

3) мақала жарияланған газет-журнал, сайттардың скриншоттары, мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары;

  1. 2022 жылдың 15 маусымынан кейін ұсынылған өтінімдер байқауға жіберілмейді.
  2. Басқармаға ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

  1. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандарынан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдерінен тұрады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді. Қазылар алқасының мүшелері байқауға қатысушылардан түскен материалдар негізінде дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды. Байқаудың марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.
  2. Байқау жеңімпаздары диплом және арнайы сыйлықпен марапатталады.
  3. Жеңімпаздар туралы ақпарат байқау аяқталғаннан кейін басқарманың ресми сайтында орналастырылады.

090000, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі,116-үй, Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы.

          Байланыс телефоны: 8 (7112) 50-64-26, E-mail: tdb_oral@mail.ru, 87477614793.

_________________________

 

«Мемлекеттік тіл және БАҚ»

облыстықбайқауын өткізу

қағидаларына қосымша

 

 

Өтінім

 

 

  1. Т.А.Ә.: _______________________________________________________

 

  1. Жасы: ________________________________________________________

 

  1. Білімі:________________________________________________________

 

  1. Жұмыс орны:__________________________________________________

 

  1. Мекенжайы:__________________________________________________

 

  1. Байланыс телефондары:_________________________________________

 

  1. Мақала, БАҚ атауы, жарияланған күні:

1)  ______________________________________________________________

2)  ______________________________________________________________

3)  ______________________________________________________________

4)  ______________________________________________________________


  1. Қосымша ақпарат:______________________________________________

                                                                                                                  

 

                                                                                          Қолы:_________

 

                                                                                      Күні:_________