
Бүгін аудан әкімі Миржан Сатқанов су басқан баспаналарға барып, тұрғындармен кездесті. Аудан басшысымен бірге аудандық мәслихат хатшысы Қайрат Ермекбаев, депуттар Лесбай Елеусинов, Серік Дүйсенов және Ақсай қаласының әкімі Арсен Баяндыковтар барып, қарғын судан зардап шеккен тұрғындарға арнайы құрылған комиссияның шешімімен әр үйге көмек көрсетілетінін айтты.