Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссия отырысы өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссия отырысы өткізілді.

2022 жылдың 31 наурыз күні аудан әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысына Бөрлі ауданының әкімі М.Сатканов төрағалық етті.

Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында қабылданып жатқан шаралар  және Тұрғын үйлерді беру кезінде заң талаптарының бұзылуының алдын алу мен анықтауға бағытталған іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету туралы баяндамалар жасалды.

Жиын соңында Бөрлі ауданының әкімі М.Сатканов мемлекеттік мекемелерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында шаралар өткізуді, Мемлекеттік сатып алу туралы заңды қатаң сақтау, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында қызмет көрсету регламенттерін ұстану және  т.б. тапсырмалар берді.