
Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Бауыржан Ибрашевтың және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерлету кабинетінің аға оқытушысы Рысканым Жолболсынқызы Бахтиярованың қатысуымен «Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызмет сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметке көрсету саласындағы жауапты мамандарға оқыту курсы өткізілді. Курс барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызмет көрсету барысында мүмкіндігі шектеулі жандармен қарым-қатынас дағдылары талқыланып, қызмет көрсету барысындағы проблемалық мәселелер бойынша сұрақ-жауап жүргізілді.