«Дети дождя» жобасының жүзеге асырылуы туралы

«Дети дождя» жобасының жүзеге асырылуы туралы

Бөрлі ауданында 2018 жылдан бастап ШЖҚ «Бөрлі аудандық ауруханасы» МКК –нің базасында «Дети дождя» жобасы жүзеге асуда. Жобаға тапсырыс беруші –«Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Қазіргі таңда аталған жоба аясында логопед, психолог, әлеуметтік педагог, дефектолог мамандары қызмет етеді. Қамтылатын бала саны- мектепке дейінгі жастағы 12 бала.

Жобаның мақсаты: аутистік спектрдағы бұзылыстары бар балаларға кәсіби көмек беру, олардың ата-аналарына аутизм мәселелері, оларды шешу жолдарын қарастыру туралы ақпарат беру, қоршаған ортамен қарым-қатынаста қажетті дағдыларды үйрету, балалардың бейімделуіне қажетті жаңа әдістемелермен таныстыру.

Жоба сағат 17.00-20.00 аралығында аптасына 3 рет жүзеге асырылады. Жеке сабақтармен қатар аптасына 1 рет топтық сабақтар да ұйымдастырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін жоба жетекшісі Светлана Владимировна Геймурға хабарласуға болады, байланыс номері: 87052787017