Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар марапатталды.

«Ұлы дала Тәуелсіздігіне тағзым!» атты салтанатты шарада аудан тұрғындарын торқалы тоймен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов бейбіт күннің қадір-қасиетіне тоқаталды, барша бөрліліктерді облыс әкімі Ғали Есқалиевтың атынан мерейлі мерекемен құттықтады.
Аудан әкімі Миржан Сатқанов, Бөрлі ауданының бірінші әкімі, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері Қуанышбай Төлебаев бөрліліктерді торқалы тоймен құттықтағандардың қатарында болды.
Бұл күні бір топ бөрлілікке «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі, Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасы табысталды.