«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ»

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік шара бүгін Қанай ауылында өтті.

Салтанатты жиынға аудандық мәслихат хатшысы Қ.Ермекбаев қатысты.
Тәуелсіздік жылдары ауылдың экономикалық- әлеуметтік дамуынан бейне көрініс көрсетіліп, Ән ұран асқақтады.
Қайрат Төлегенұлы отыз жылда ауданның атқарған ауқымды істерін атап, мерейлі мерекемен құттықтады.
Еңбек ардагері Қ.Қайроллаұлына аудан әкімі М.Сатқановтың алғыс хатын және де "Бөрлі ауданының құрметті азаматы" атағын ардагер ұстаз Т.Дмитриевнаға табыстады.
Салтанатты шара «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік концертке ұласы, құлақтан кіріп бойды алған әсем әндер әуендеді.