
Қазіргі уақытта Бөрлі ауданында 60 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 40-ы жұмыс істейді, қалғандары тарату сатысында немесе өз қызметін уақытша тоқтатқан. ҰЕҰ қызметтерінің негізгі бағыттары білім беру, спорт, жастар саясаты, гендерлік мәселелер, құқықтарды қорғау, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, ұлтаралық келісімді, отбасылық құндылықтарды нығайту және т. б. салаларды қамтиды.
Аудан әкімдігі жанында жұмыс жасайтын 10 комиссиялар мен кеңестердің құрамында,ы 164 адамның 21%-н ҮЕҰ өкілдері құрайды
2010-2021 жылдар аралығында мемлекеттік тапсырыс аясында аудан аумағында 161 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Мысалы, 2011 жылы – 4 жоба, ал 2021 жылы-9. 2015 жылы үкіметтік емес ұйымдар ең көп жоба жүзеге асырған жыл болды, яғни 21 жобамен жұмыс істеді. Осы жылдар аралығында жобаларды жүзеге асыруға 14 жергілікті ҮЕҰ қатысты.
2013 жылы "Ауғанстандағы соғыс ардагерлері-Бөрлі аудандық мүгедектер қоғамы" ҚБ "Сала көшбасшысы"номинациясында жеңімпаз атанды.
2015 жылы "Ақсай жастары" ЖҚБ " Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар "республикалық көрмесінің өңірлік жеңімпазы атанды.
2016 және 2018 жылдары "Жас дарын" ҚҚ жобалары Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалардың қатарына кірді
2018 жылы "Сұңқар Ақсай" ҚБ мүгедектерді қоғамда әлеуметтендіру жобасымен республиканың үздік ҮЕҰ қатарына қосылды.
Жиында бірқатар мәселелер, оның ішінде ҮЕҰ басшылары көтерген проблемалық мәселелер де талқыланды. Өз кезегінде Миржан Мұнайдарұлы жастарға және азаматтық секторды дамытуға байланысты жобаларды жүзеге асыруға жәрдемдесуге уәде берді.