Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай, аудан әкімі М.Сатқанов қазіргі күні Орал қаласында тұрып жатқан Бөрлі ауданының бір топ ардагерлерімен кездесті. Миржан Мұнайдарұлы ауданның жетістіктеріне тоқтала отырып, аға буынның тәуелсіздігімізді нығайтудағы, ауданның экономикасын көтерудегі еңбектеріне алғысын білдіріп, естелік медальдер табыс етті.