Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 11 қарашасында Бөрлі ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері "Батыс Қазақстан облысының аумағында шектеу карантиндік шаралары туралы" Батыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №21 қаулысының талаптарын сақтау және Қарашығанақ кен орнының аумағында орналасқан және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып отырған компания қызметкерлерін вакцинациялау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.