Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық демалу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Ақсай қала күніне орай «Тәуелсіздікке тарту» атты вокалды -аспапты ансамбльдер арасында облыстық байқауы оздырылды.

Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық демалу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Ақсай қала күніне орай «Тәуелсіздікке тарту»  атты вокалды -аспапты ансамбльдер арасында облыстық байқауы оздырылды.

Өнер ұжымдарының жанды дауыста орындайтын кәсіби шеберліктерін дәріптеу, талант иелерінің шеберлігі мен шығармашылық ізденістерін ұштастыру, аспаптық музыканы кеңінен насихаттау, жастардың вокалды-аспапты ансамбль жанрына деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылған байқауға облысымыздың  алты ауданынан вокалды – аспапты ансамбльдер қатысты. Облыстық байқауға қатысқан Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Жаңабайұлы Кушкинбаев шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап,  Бас жүлдені табыстады.

     Байқауды 2019 жылы «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында вокалды-аспапты ансамбльдердің  дәстүрлі «Туған жер әуені» облыстық фестиваль-конкурсында жанды дауыста орындаушылық кәсіби шеберлігі және үздік өнері үшін I орынды жеңіп алған Бөрлі аудандық демалу орталығының «Фортуна» вокалды-аспапты ансамблі ашып берді.  

Қатысушы ұжымдар  кезегімен өз шығармаларын көрермен назарына ұсынды.

       Әділ бағалаған қазылардың шешімімен Бас жүлдені- Халықтық «Тасқала» вокалды-аспапты ансамблі жетекшісі: Бигазиев Сергей (Тасқала ауданы), І орын – «Теректі» вокалды-аспапты ансамблі жетекшісі: Шайхин Асыланбек (Теректі ауданы), ІІ орын- Жәнібек ауданы вокалды – аспапты ансамблі жетекшісі: Каримов Алтынбек (Жәнібек ауданы), ІІІ орын - Халықтық «Арай» вокалды-аспапты ансамблі.жетекшісі: Ажгалиев Саин (Шыңғырлау ауданы) иеленді.