«Ақсайым арқау жырыма» облыстық ақындар айтысы

«Ақсайым арқау жырыма» облыстық ақындар айтысы

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек Аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қала күні  мерекесіне орай «Ақсайым арқау жырыма» облыстық ақындар айтысы оздырылды.

Ашылу салтанатында аудан әкімі М.Сатқанов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы ақындарға сәттілік тіледі. Өнер додасына халықаралық, республикалық, аймақтық, облыстық айтыстарда топ жарып жүрген жыр жүйріктері облысымыздың мықты 14 ақтангер ақындары бақ сынасты.

Айтысты жазушы-журналист, Қазақстан жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, "Орал өңірі" бас редакторы- Бауыржан Ғұбайдуллин жүргізді.

Айтыскерлердің өнерін   ақын, ұстаз, Жұбантанушы -Үзілдік Елеубайқызы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын, ұстаз, - Дариға Мұштанова, ақын, журналист, Бөрлі  аудандық "Бөрлі жаршысы" қоғамдық -саяси газетінің бас редакторы- Дариға Нұрашова, айтыстың төрағасы, айтыскер ақын, ҚР-ның Журналистер Одағының, ҚР Жазушылар Одағының БҚО филиалының төрағасы,   ҚР мәдениет саласының үздігі - Бауыржан Халиолла  қазылық етті.

Айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені бөрлілік ақын Жарқынбек Шынтаев жеңіп алды. Бірінші орынды Бекболат Қаленов иеленсе, Райымбек Өтеповке екінші, ал Орынбек Меңдіқұловқа үшінші орын бұйырды.

Бөрлі ауданының әкімі атындағы  арнайы жүлде —Жансая Мусина (Бөкей Орда ауданы). "Марабай жырау" атындағы арнайы жүлде — Санат Муханбетжанов. (Ақжайық ауданы). Ақсай қаласы атынан арнайы естелік сыйлықтармен маратталып алғыс хатқа ие болған  ақындарымыз: Бауыржан Ширмединұлы (Сырым ауданы), Талғат Мықи (Бөкей Орда ауданы), Айнабек Бейсенғалиев (Ақжайық ауданы), Мұрадым Мирланов (Жәнібек ауданы), Естеміс Мұқанбетов (Казталов ауданы), Мақсат Тұяқ (Сырым ауданы), Әділ Ахметов (Теректі ауданы), Данияр Нысанғалиев (Жаңақала ауданы).