еGov-та ең танымал қызмет қандай?

еGov-та ең танымал қызмет қандай?

Күн сайын электрондық үкімет порталы арқылы мыңдаған өтінімдер беріледі. Бүгінгі таңда ең үлкен сұранысқа ие қызметтер - ХҚКО-ға кезекті брондау, зейнетақы жинақтары туралы анықтама және тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама беру болып табылады.

 

Сондай-ақ, танымал қызметтердің бестігіне жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама алуға сұрау салулар кіреді.