
Пайдаланушыларымызға ыңғайлы болу үшін біз «eGov mobile» қосымшасы арқылы ХҚКО-ға, Мамандандырылған ХҚКО-ға кезекті броньдау бойынша бейне нұсқаулық түсірдік. Уақытыңызды кетірмей, ешбір күш-жігер салмай-ақ мобильді телефоныңыз арқылы кезекке тапсырыс беріңіз. Кезекке деген тапсырысыңыз ойдағыдай қабылданса, Сізге «1414»-нөмірінен келу уақыты мен күні туралы SMS-хабарлама келіп түседі.