САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

2021 жылғы 5 қыркүйекке Бөрлі ауданы Кентүбек ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды. Осыған орай Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысына қоғамдық ұйым мүшелері, аудандық саяси партиялар мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілдері және комиссия мүшелері қатысты. Жиынды сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Каналин ашып, жүргізді. Күн тәртібінде ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау, сайлау өтетін округтерде сайлау округтерін құру, сайлаудың өтуі жөнінде күнтізбелік жоспарды бекіту туралы мәселелер қаралды.