
Еңбек жолын 1975 жылы Приурал селолық кеңесі «Орал» колхозының жұмысшысы болып бастаған Бақтығали Бақтыгерейұлы әр жылдары әдіскер, кейін аудандық мәдениет үйінің директоры қызметінде болған. 1991-2010 жылдары өңірдегі ірі кәсіпорындарда лауазымды қызметте жұмыс жасаса, кейін аудандағы мәдениет саласында еңбек етті.
2017 жылдың қазан айынан бастап Бөрлі ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалған болатын.
Өз ісінің маманы, тәжірбиелі басшы бола білген Бақтығали Бақтыгерейұлын аудан әкімі Миржан Сатқанов мерейлі мерекесінде алғыс хат табыс етіп, иығына шапан жапты, жұмысын жоғары бағалап, жылы лебізін білдірді.
Бақтығали Бақтыгерейұлы да әріптестері мен ауыл тұрғындарына бірлесіп атқарған жұмыстары мен көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді.