Жағымды жаңалық.

Жағымды жаңалық.

Үй кезегін ұзақ жыл күткен бөрлілік 126 отбасы бүгін баспаналы болды. Ақсай шаһарының 10 шағынауданында бой көтерген 9 қабатты баспана мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы бой көтерді. «Отбасы» банкінің салымшыларына бұйырған баспана мемлекеттік, бюджеттік сала қызметкерлері мен жалғыз басты аналар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар алды. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыс еткен аудан әкімі Миржан Сатқанов халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған өкілдерін қолдау қашанда басты назарда болатынын атап өтті.