
2021 жылдың 27-30 наурыз күндері Ақмола облысы Щучинск қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында БҚО құрама сапында өнер көрсеткен бөрлілік палуан, жерлесіміз Исмағұл Жарман 71 келі салмақта ЖЕҢІМПАЗ атанды.
Жарман алғаш күрес өнерін аудандық Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бастап кейін 2017 жылы Олимпиада резервінің облыстық мамандардырылған мектеп-интернат колледжіне оқуға қабылданып, жаттығуларын сол жерде жалғастырды.
Жаттықтырушылары:
Нұрлыбек Сисенов (Бөрлі ауданының БЖСМ)
Артур Умбеткалиев (ОРОММИК)
Айдос Баймұратов (ОРОММИК)
Жарманды, жаттықтырушылар құрамын және ауданымызда грек-рим күресі палуандарына жаттығу жасауға мүмкіндік жасап отырған Бөрлі ауданының грек-рим және еркін күрес федерациясын айтулы жеңіспен құттықтаймыз!