ХҚО-ға кезекке тұрудың 4 тәсілі

ХҚО-ға кезекке тұрудың 4 тәсілі

Егер сізге қажетті қызмет әлі онлайн қолжетімсіз және оны алу үшін бөлімшеге жүгіну қажет болса, онда брондаудың келесі 4 тәсілі сізге ХҚО кезегінде тұрмай, қызметті жылдам алуға кемектеседі.

✅ egov.kz

авторлану, "ХҚО кезекті онлайн брондау" бөлімінде жеке деректерді толтыру,

бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚО мекенжайын және көрсетілетін қызметті таңдау

✅ eGovKzBot2.0 телеграм-ботында

"ХҚО кезекті онлайн брондау" бөлімінде жеке деректерді толтыру,

бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚО мен қызметті таңдау

✅ 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы

дауыс мәзірінен "кезекті брондауды" таңдау және оператор арқылы ХҚО-ға баратын уақытты белгілеу

✅ egov mobile

қосымшаны жүктеу, авторлану және

"ХҚО-ға кезекті онлайн брондау" бөлімінде жеке деректерді толтыру,

бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚО мен қызметті таңдау

📲 Sms  ХҚО-дағы брондау уақыты туралы хабарлайды

Кеңес: ХҚО-ға брондау уақытынан 5-10 минутқа ерте келіңіз